Қазақ күресі

«Дәулет» спорт кешеніне жиылған жанкүйер қауымның жүрегін дүбірлетіп, жамағаттың делебесін қоздырған V Республикалық турнир өз мәресіне жетті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиылған 39 балуан боз кілем үстінде намысы мен қайратын қатар сынға салып, дүбірлі доданың көрігін қыздырды. Бірінен-бірі айла-тәсілін асырып, дүйім халық алдында шеберліктерін көрсете білген палуандар жамағаттың ризашылығын тудырып, ыстық ықыластарына бөлене білді.

Жаңадан имамдар тағайындалды

СҚО бойынша аудандық мешіттерде Бас Мүфтидің бұйрығымен Солтүстік Қазақстан облысында Мамлют ауданы «Ықлас» мешітінің Бас имамы етіп Байсенбаев Сейфулла Жахьяұлын, Есіл аудандық орталық мешітіне Бас имамы қызметіне Шаймерденов Шопан Жолкенұлын, Шал ақын ауданы «Сейдахмет хазрет» мешітінің Бас имам қызметіне Абдазов Смагул Исакулұлын және Ғ.Мүсірепов ауданы «Жұманқожа» мешітінің бас имам қызметіне Мирзаев Имам Одинамахмудович Бас имам етіп тағайындалды. СҚО бойынша өкіл имамы, облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің бас имам, Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы тағайындалған жаңа имамдарды жамағат алдында таныстырып, олардың алдағы жауапты қызметтеріне сәттілік тіледі.

Қызылжардағы ҚМДБ-ның жүлдесі үшін V республикалық турнирге іріктеу жарысы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жүлдесі үшін қазақ күресінен V республикалық турнирге Солтүстік Қазақстан облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастырумен палуандар арасында іріктеу сайысы өтті. Жарыс басында СҚО бойынша өкіл имамы, облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы палуандарға сәттілік тіледі. Қаладағы «Жастар» сарайында өткен белдесуге қала және аудандардан 15 кәсіпқой палуан қатысып, 90 келіден жоғары салмақ дәрежесі бойынша белдесті. Сайысты тамашалауға мешіт имамдарымен мешіт жамағаты қатысты.

Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде қала, аудан имамдарымен жиналыс өтті

ҚМДБ-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы, облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы СҚО бойынша қала, аудан имамдарымен жиналыс өткізді. Жиналысқа облыстық дін істері басқармасының діни бірлестіктермен жұмыс жөнінде бөлім меңгерушісі Оспанова Динара қатысты.

Солтүстік Қазақстан облысында сараптама өтті.

Солтүстік Қазақстан  облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде қала, аудан, ауыл имам, молдалары сараптамадан өтті.

Return to Top ▲Return to Top ▲