Архивы рубрики ‘Жаңалықтар’

«Әжелер сөзі — ақылдың көзі» атты кездесу өтті(фото)

«Қызылжар» орталық мешітінің «Әжелер мектебінің» ұйымдастыруымен Петропавл қаласындағы №6 мектепте мектеп оқушыларымен және колледж студенттерімен «Әжелер сөзі — ақылдың көзі» атты кездесу өтті.

БАС МҮФТИ ИСЕСКО БАС ДИРЕКТОРЫН ҚАБЫЛДАДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Астанада Білім, ғылым және мәдениет істері жөніндегі Ислам ұйымының (ИСЕСКО) Бас директоры Әбдел Әзиз Ат-Туэйджри бастаған делегацияны қабылдады.

СУРРОГАТ АНАҒА ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАЙТЫН ЗАҢ БЕКІТІЛДІ

Жақын арада Түркия мемлекетінде суррогат ана қызметіне заңмен тыйым салынып, қылмыстық жаза тағайындалатын болмақ. Бұл жайында елдің Денсаулық сақтау министрлігі бастама көтеріп, «Ағза мүшелерін сақтау, өсіру және трансплантациялау» заңына өзгерістер енгізуді сұрап отыр.

Мұсылман әйелдеріне ортақ мәселелер талқыланды

Облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызымен   арнайы кездесу өтті.  Кездесуге  Павлодар қаласындағы  мешіттердің әйел жамағаттары, қоғамдық қызметттегі белсенді әйелдер,  дін жанашырлары,  қадірлі әжелер мен апалар  көптеп қатысты.

Қазақстан халықтарының тілдер күніне арналған сабақ

«Қызылжар» орталық мешітінде Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер күніне орай мерекелік сабақ өтті. Елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері бейбітшілікте өмір сүріп, өз тілдерін, мәдениеттерін сақтай отыра, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін  құрметтейді.

Return to Top ▲Return to Top ▲