Архивы рубрики ‘Жаңалықтар’

«Қызылжардағы» Қадір түні(ФОТО)

«Кімде-кім Қадір түнінде шынайы иманмен, сауабынан үміт етіп ғибадат қылса, оның бұрынғы күнә-қателіктері кешіріледі», — деген хадисте (Бухари, Мүслім) қадір-қасиеті белгіленген киелі түнде қызылжарлықтар да қарсы алды. Қадір түні және екі айт сайын «Қызылжар» орталық мешітіне сыймай кететін жамағат көбеймесе, азаймапты: бұл жолы да лық  толтырды. Әсіресе, әйелдер жамағатының көптігі соншама – мешіт баспалдақтары да […]

«Вайнахтың» төрағасы ауызашар берді

«Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен ораза бойы күнде өткізілетін ауызашар беруге мұсылман диаспоралары да зор құлшыныс білдіреді. Жексенбі күні «Вайнах» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Саип Байдуев өз отбасы атынан «Қызылжар» орталық мешітінде ауызашар берді. Шешен-ингуш диаспорасының жетекшісі Саип Байдуев ауызашарға келгендерге алғысын арнады. Ауызашар соңында ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы […]

Күрдтер кең пейілін көрсеті

  Ораза – Алланы еске түсіріп, жауапкершілік сезімін арттыратын, адамгершілікке тәрбиелейтін және жүректі тазартатын ғибадат. Ол мейірімділік сезімін оятады. Алланың бергенін бағалай білуге септеседі. Адамның денсаулығын шыңдайды. ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы күрд диаспора берген ауызашарда айтқан уағызында осының бәрі қамтылды. «Барбанг» күрдтер қауымдастығы филиалы берген ауызашарға 300-дей […]

Түрік диаспорасы дастарқан жайды

Сан жағынан аз емес, ең бастысы – дінге берік түрік диаспорасы бұрын бір оразада да екі рет ауызашар беретін. Биыл олар оразаның ауызашар дастарқанын жайды. Жамағат «Қызылжар» орталық мешітінің үлкен асханасын лық толтыра жиналды.

«Дуслык» дастарқанға шақырды

«Қызылжар» орталық мешітінде ауызашар берушілердің қатарын көбейте түскен «Дуслык» татар-башқұрт қоғамдық бірлестігінің өкілдері биыл да оразада дастарқан жайды. Жиналған жамағат мешіттің үлкен асханасын толтырды. Олардың арасында өңір орталығында тұратын мұсылман диаспораларының өкілдері де болды. Ауызашар барысында шешен-ингуш, тәжік, ауған және курд диаспораларының жетекшілері татар-башқұрт бауырларға ақ тілектерін арнады. ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық […]

Return to Top ▲Return to Top ▲