Архивы рубрики ‘Жаңалықтар’

Ұлттық банктің филиалы ауызашар берді

Ораза ұстағандарға ауызашар берудің сауабы орасан зор екендігі ақиқат. Хадисте айтылғандай, ауыз аштырғанға ораза ұстаған кісінің сауабындай сауап жазылады. Осындай игілікті істен қалыс қалып көрмеген ұлттық банктің облыстық филиалының ұжымы биыл да оразаның бас кезінде ауызашар берді. «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен осы ғибадат орнының үлкен асханасында өткізілген ауызашарға жамағат көп жиналды.

Қырғыз ағайындардың ауызашары

Айыр қалпақты ағайындар – қырғыз диаспорасы сан жағынан көп болғанымен, белсенділігімен көзге түсіп жүр. Небір шараларда қолөнер бұйымдарымен жарқырап көрініп жүрген олар «Қызылжар» орталық мешіті ұйымдастырған шараларға да белсене қатысады. Өткен жылдағыдай болса да олар мешітте ауызашар берді. Оған жиналған жамағат көп болады: мешіттің үлкен асханасы мен киіз үйге сыймағандар тағы бір бөлмеге жайғасты.

«Вайнах» шешен-ингуш қоғамдық бірлестігінің өкілдері ауызашар берді

«Вайнахтың» бүкіл мүшелерінің атынан өткен бейсенбіде берілген ауызашарға көп жамағат жиналды. Өңір орталығындағы бүкіл диаспоралардың өкілдерін ауызашарға шақырған шешен-ингуштар қонақжай екендіктерін көрсете білді. Ауызашарда бірнеше диаспораның жетекшілері ақ тілектерін білдірді. Жиналған жамағат  «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Файзиев Мухаммед Қутбтың Рамазан айының қадір-қасиеті туралы айтқан уағызын ден қойып тыңдады.

Әзірбайжан диаспорасы дастарқан жайды

Оразаның алтыншы күні облыс орталығындағы әзірбайжан диаспорасының өкілдері ауызашар берді. Оған жиналған жамағат «Қызылжар» орталық мешітінің үлкен асханасын лық толтырды. Онда «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы ораза парызының маңызы туралы қазақ және орыс тілдерінде баяндап берді. Одан кейін әзірбайжан диаспорасының жетекшісі Шыңғыс Құрбанов жиналғандарға алғысын айтты. Түрік, қырғыз, ауған, тәжік және шешен-ингуш диаспораларының жетекшілері […]

Үлкен сауаптан үміт мол

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с): «Рамазан айында ауызы берік адамға су беріп, ауыз аштырған адам анасынан жаңа туғандай күнәсіз болады», — деген екен. Шынында да, ауызашар берудің сауабы орасан зор. Ораза сайын осындай сауапқа кенеліп жүрген азаматтар аз емес. Оразаның бесінші күні Петропавл қаласының бірнеше кәсіпкер «Қызылжар» орталық мешітінде ауызашар берді. Мешіттің үлкен асханасы мен екі киіз […]

Return to Top ▲Return to Top ▲