Архивы рубрики ‘Мақалалар’

Құран мен хадис ата-ана жайында не дейді?!

12338893_1721752324728181_689831201_n

Өмірге келген әрбір жанның басына берілетін бақ пен Алланың әмірімен жазылған өмір жолы, тағдыры болады. Әр адам өз арман-мақсаттарымен, алған тәрбиесімен ерекшеленеді. Сол тәрбиені беруші – әлпештеп отырған ата-анамыз. Ең бақытты жандар – ата-ананың мейірімін, қамқорын көріп, қасында жанашыр анасы мен қамқор әкесі барын біліп, жан жылуын сезініп өскендер. Ал сол бақыттың қадірін ұғына алып […]

Иман ләззаты

smell-of-iman

Иман ләззатын тату әрбір жұмыр пенделіге нәсіп болмаған ұлы нығмет. Бұл нығметтің кейбір белгілері осы өмірде сезілгенімен шынайы иман ләззатын адамдар тек жәннатта сезеді. Бұл дүниеде иман ләззатын сезген адам әр кез сол нығметтің үздіксіз келіп тұрғанын қалайды. Ол болашақтағы өмірін имансыз суреттей алмайды. Өйткені ол оған жүрек тыныштығын, шынайы бақыттың не екенін сездіртті.

Уәдеде тұру – мұсылманның сипаты

big_c5754564497cd781

Мұсылман үшін асыл қасиет, пайғамбарымыз (с.а.у) көркем мінезінен болған, имандылықтықтың нышаны уәдеге берік болу, қазіргі замандағы адамдардың бойынан табылуы қиын асыл қасиеттердің бірі. Уәденің жоғалуынан адамдардың сөзіне, амалына күмәнмен қарап, істің орындалатына толық сенім арта алмағандықтан альтернативті шешімді қарастыратын заманға жеттік.

Құран кәрімнің мәртебесі

%d0%b6%d0%b6%d0%b6

Жаратушы Алла Тағаланың құлдарына деген  шексіз рақымдылығының айқын көрінісі – Құран кәрімнің адамзатқа тура жол көрсету үшін түсірілуі. Алланың соңғы сөзі әрі заңы болған Құран кәріммен біз қаншалықты жақынбыз. Киелі парақтарды соңғы рет қашан аштық?! Өмірімізде осы киелі кітаппен амал етудеміз бе?! Әлде үйіміздің бір түкпірінде сөрелеріміздің бірінде шаң басқан күйі жатыр ма?!

Құран тілі

815df273be01a888602606fa7f98900c

Әлем тілдерінің ішінде шоқтығы биік тіл араб тілі екенінің бірден-бір көрінісі — адамзатқа тура жол көрсетуші, қияметке дейінгі өмір сүру жүйесі Құран кәрімнің араб тілінде түсуі. Алла тағаланың соңғы заңы әрі кәләмі араб тілінде болуы бұл тілге берілген ерекше мол шарапат және ерекше құрмет. Араб тілі жайында Құран кәрімде оннан астам жерде зікір етіледі.

Return to Top ▲Return to Top ▲