Архивы рубрики ‘Мақалалар’

Құран тілі

815df273be01a888602606fa7f98900c

Әлем тілдерінің ішінде шоқтығы биік тіл араб тілі екенінің бірден-бір көрінісі — адамзатқа тура жол көрсетуші, қияметке дейінгі өмір сүру жүйесі Құран кәрімнің араб тілінде түсуі. Алла тағаланың соңғы заңы әрі кәләмі араб тілінде болуы бұл тілге берілген ерекше мол шарапат және ерекше құрмет. Араб тілі жайында Құран кәрімде оннан астам жерде зікір етіледі.

Қажылық – қасиетті құлшылық

bas_imam

«Қажылық» сөзі «құрмет тұтылған қасиетті жерді зиярат ету» ұғымын білдіреді. Бұл — Алла Тағаланың ризалығы үшін құлшылық ниетімен қажылық айы деп аталатын уақытта Мекке қаласындағы Қағбаға тауап етіп, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетіне сәйкес барша қажылық рәсімдерін орындау деген сөз. Қажылық ғибадаты Зулхижжа айының 8-13 күндері аралығында орындалады.

СҮНДЕТТЕУДІҢ БІЗГЕ БЕЙМӘЛІМ СЫРЛАРЫ

Сүндеттеу – сүннет амал Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Бес амал фитраттан: сүндеттеу, кіндік асты түкті алу, қолтық түгін қыру, тырнақ алу және мұртты басу», — деген екен. Фитрат – адамның туа біткен жаратылысы. Басқаша айтқанда, Алла Тағала бейім еткен болмысы. Бұл хадис Малик, Ахмед, Бұхари, Муслим, Тирмизи, Әбу Дауд, Ибн Мәжәнің хадис еңбектерінде бар.

Қасиеті мол, Қадір түні

bas_imam

   Мейірімді, рақымды Алланың атымен бастаймын! Қасиетті Қадір түні биыл маусымның 21-нен 22-не қараған түнге тұспа-тұс келіп отыр. Бұл түннің атына заты әбден сай: Рамазан түндерінің ішіндегі ең ерекше қадірлісі. Бұл кешті ғибадатпен өткізген адамның сауабы да үстемеленіп, жақсылығы да еселене түсетіндіктен, Қадір түнінің батпандаған берекесі мен ерекшелігін тізіп шығудың өзі оңай емес.

Ашуды емдеу жолдары

      Ашу – ыза, кейіс, реніш, араздық түрінде көрініс беретін адам мінезі мен көңіл-күйінің жағдайы. Өзіне әсер еткен қолайсыз нәрселерге жауап ретінде ашулы, ызалы, кекті, қаһарлы түрде көрінеді. Ашулану – адамның көркем мінез құлқын құртып, денсаулығына зиян келтіреді. Ашудың, денедегі ең үлкен зияны жүрек пен бүйректерге келеді. Өйткені ашу денедегі қан айналым жүйесінің ауытқуына апарады. Қан тамырларының тарылуына себеп болады және қанның еркін айналуына мүмкіндік […]

Return to Top ▲Return to Top ▲