Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде қала, аудан имамдарымен жиналыс өтті

  • 135 рет оқылды
  • ҚМДБ-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы, облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы СҚО бойынша қала, аудан имамдарымен жиналыс өткізді. Жиналысқа облыстық дін істері басқармасының діни бірлестіктермен жұмыс жөнінде бөлім меңгерушісі Оспанова Динара қатысты.

    Өкіл имам Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының  ү.ж. 9 қазанында кезектен тыс өткен төралқа отырысында берілген  бірқатар маңызды мәселелер мен нұсқаулардың жүзеге асу барысын пысықтап, кезекті шараларды таныстырды. Сонымен қатар Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жолдауы талқыланып, оларға байланысты өкіл тарапынан ислами құндылықтарды насихаттау, дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, рухани жаңғыру аясында тапсырмалар берілді.





    «Қызылжар» орталық мешіті баспасөз қызметі

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲