Қызылжардағы ҚМДБ-ның жүлдесі үшін V республикалық турнирге іріктеу жарысы

  • 111 рет оқылды
  • Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жүлдесі үшін қазақ күресінен V республикалық турнирге Солтүстік Қазақстан облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастырумен палуандар арасында іріктеу сайысы өтті. Жарыс басында СҚО бойынша өкіл имамы, облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы палуандарға сәттілік тіледі. Қаладағы «Жастар» сарайында өткен белдесуге қала және аудандардан 15 кәсіпқой палуан қатысып, 90 келіден жоғары салмақ дәрежесі бойынша белдесті. Сайысты тамашалауға мешіт имамдарымен мешіт жамағаты қатысты.

    Тартысты өткен жарыс нәтижесінде І орын Қалықов Ғизат және ІІ орын иегері Нургожин Даурен Астанада өтетін қазақ күресінің V Республикалық турниріне жолдама алды. Ал, үшінші орын алған Еслямов Дауренге ақшалай сыйлық және сертификат табысталды.

    «Қызылжар» орталық мештінің баспасөз қызметі.

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲