Қазақстан Президенті Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

  • 841 рет оқылды
  • Кездесу барысында Мемлекет басшысына азаматтық қоғамдағы қазіргі жағдай мен дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет ұсынылды.

    Елбасы министрліктің жаһандық және өңірлік бүгінгі сын-қатерлер аясында атқарып отырған жұмыстарының өзектілігін ерекше атап өтті.

    – Министрлік құрылғалы біршама уақыт өтті. Қазіргі жағдайда министрліктеріңіздің жұмысы еліміз үшін аса маңызды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

    Дін істері және азаматтық қоғам министрі Қазақстан Президентіне діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, сондай-ақ волонтерлермен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі жұмыстардың нәтижелері туралы баяндады.

    Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

    akorda.kz

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲