Алматыда «Мұқтаж жандар» дүкені ашылды (ФОТО)

  • 843 рет оқылды
  • Аллаға сансыз шүкір болсын күн өткен сайын халқымыздың дінге бет бұрысы артып келеді. Сонымен қатар халықтың қайырымдылық жасауға деген құлшынысы арта түсуде.

    Осының айғағы ретінде Алматы қаласында жұмысын бастаған «Мұқтаж жандар» қайырымдылық қорын атап өтуге болады. ҚМДБ-ның Алматы өкілдігімен бірлесе отырып жұмыс бастаған аталмыш қордың қазіргі таңда қала мешіттерінде 18 контейнері қойылған. Бұл іс-шара қордың «Мұқтаж жандар дүкені» жобасының аясында іске асып отыр.

    Дүкеннің ашылуында сөз сөйлеген ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынша өкіл имамы Нұрбек қажы Ауесханұлы: «Бұл тәжірибе басқа да мұсылман мемлекеттерінде бар, ендігі кезекте өз елімізде де жалғасын таппақ. Адамдар қолданбайтын заттарын кей кездері өздігімен мұқтаж кісілерге алып барып жатса, кейде қоқысқа тастап немесе беруге ұялып жатады. Бұның ысырапшылыққа алып баратындығы өздеріңізге мәлім. Міне осы сынды қорлар халық үшін жақсы мүмкіндік болып табылады. »,- деп, жиналған жұртшылықты қайырымдылыққа шықырды.

    Алматы орталық мешітінің

    баспасөз қызметі.

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲