2018 жылдың соңына дейін Қазақстанда интернеттегі ақпаратты бақылау жүйесі әзірленбек

  • 820 рет оқылды
  • ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев 2018 жылдың соңына дейін интернетте ақпаратты бақылаудың автоматтандырылған жүйесін әзірлеуді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

    «Біздің басты жұмыс — интернетте, теледидарда таратылатын ақпаратты бақылау. Алдағы жылдың соңына дейін бақылаудың автоматтандырылған жүйесін енгізбекпіз. Аталған жүйе интернетті бақылайды. Яғни желідегі ақпаратқа шолу жүргізіледі. Әрине, бұл жұмысты жүзеге асыру үшін уақыт керек, себебі ол оңай шаруа емес. Біз бұл жобаны іске асыратынымызға сенімдімін», — деді басшы.

    Сондай-ақ Дәурен Абаев құқыққа қайшы контентті бақылайтын қолданыстағы жүйе қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.

    Оның айтуынша, алдымен министрлік сайтқа ескерту жолдайды, кейіннен оны бұғаттайды.

    «Биыл біз 3 мыңға жуық сайтты бұғаттадық. Бұл шара құқыққа қайшы контент (материал сайттан –автор) алынбаған кезде қолданылады. Біздің министрлік құқыққа қайшы материалдарға қатысты 270 мыңға жуық ескертуді жолдады. Яғни лаңкестік, экстремизм, порнография және басқа да осы тектес материалдар болған. Мәселен, әлеуметтік желіде материал пайда болды делік, біз барша әлеуметтік желіні бір материал үшін бұғаттай алмаймыз. Сондықтан да желінің әкімшісімен байланысқа шығуға тура келеді. Ал әкімші өз кезегінде тиісті шараларды қабылдайды», — деді министр.
    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲