БАС МЕШІТ ШӘКІРТТЕРІ АРАСЫНДА БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

  • 509 рет оқылды
  • Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі қалыптасқан үрдіс бойынша шәкірттер арасындағы білім сайысының іріктеу кезеңі болып өтті. Осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған білім сайысының бұл жолғы сұрақтары «Ғибадат» пәні бойынша құрастырылып, тест түрінде шәкірттерге ұсынылды.

    Бұл күнде шәкірттерінің саны 700-ге жуықтап қалған «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі оқыту жүйесі әлдеқашан жолға қойылып, жұмыс өнімділігі жыл санап артып келеді. Осы орайда, жамағат арасындағы бауырмалдықты арттырып, өзара ынтымақты күшейтуге бағытталған білім сайыстары мен спорттық байқаулардың да үлесі зор екенін айта кеткен жөн.

    Бұл жолғы білім сайысының іріктеу кезеңіне мешіт шәкірттері арасынан 130 үміткер қатысып, өз білімдерін көрсетті. Ұзын-саны 50 сұрақтан тұратын тест жұмысын дұрыс тапсырып, үздік ұпай жинаған бес үміткер сайыстың ақтық айналымына жолдама алатын болады. Айта кетейік, білім сайысының ақтық айналымы келесі жұма күні жамағат алдында өтетін болады.

     www.muslim.kz

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲