БАС МҮФТИ ТАШКЕНТТЕ ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ (ФОТО+ВИДЕО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мен наиб мүфти Серікбай қажы Ораз Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Алқалы жиынның мақсаты – дінаралық ынтымақтастықты нығайту.

250 имам «Діни рәсімдер» семинарына қатысты

Жамбыл облысының рухани жүрегі облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде «Бірізді діни рәсім – ауызбіршілік пен тұрақтылық кепілі» атты семинар өтті.

Дәрігерлер жастармен кездесті

«Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Әйелдер-қыздар» секторы және «Әжелер мектебінің» ұйтқы болуымен әйел дәрігерлермен кездесу өтті.

Өкіл имам Түмен облысының Мүфтиін қабылдады

Солтүстік Қазақстан облысының өкіл имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы «Қызылжар» орталық мешітінде Түмен облысының Мүфтиі Зиннат Садыковты қабылдады.

ЕУРО ОДАҚ МЬЯНМА МЕМЛЕКЕТІНЕ САНКЦИЯ ЖАРИЯЛАУЫ МҮМКІН

Мыңдаған рохиньялық мұсылманның көз жасы мен қанын жүктеген Мьянма мемлекетіне қарсы Еуро Одақ санкция жариялауы мүмкін. Қазіргі уақытта аталмыш құжат жобасы Одаққа мүше мемлекеттердің өкілдеріне таныстырылып, талқылау жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді.

Ал, алдымыздағы дүйсенбі күні өтетін мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің отырысында мақұлдауға ұсынылатын болады. Бұған қоса, Еуро Одақ мүшелері Мьянма мемлекеті тарапынан оң қадамдар жасалған жағдайда санкциядан бас тартатындықтарын да айтып отыр.

Return to Top ▲Return to Top ▲