ҚМДБ: АБДУЛЛА БАХАДЫР ДІНИ БАСҚАРМА ҚЫЗМЕТКЕРІ ЕМЕС

Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та Абдулла Бахадыр атты азаматтың жесір әйелмен қарым-қатынасы туралы ақпарат тараған болатын, онда аталмыш азамат Діни басқарма қызметкері ретінде көрсетілген. Осы ретте, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) Абдулла Бахадырді Діни басқарманың қызметкері еместігін мәлімдейді.

МЕШІТ ЖАМАҒАТЫ ДЕНСАУЛЫҚТАРЫН ТЕКСЕРДІ

Денсаулық Алланың пендесіне берген баға жетпес нығметі. Алланың берген аманатына сақтықпен қарап, денсаулықты тексеріп отыру да өзіңе жасалған қауіпсіздік болып есептеледі.

Жалпы, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті тарапынан мешіт жамағаттары үшін медициналық  тексеру шаралары  тұрақты өткізіліп келеді.

«Әжелер сөзі — ақылдың көзі» атты кездесу өтті(фото)

dsc08432

«Қызылжар» орталық мешітінің «Әжелер мектебінің» ұйымдастыруымен Петропавл қаласындағы №6 мектепте мектеп оқушыларымен және колледж студенттерімен «Әжелер сөзі — ақылдың көзі» атты кездесу өтті.

БАС МҮФТИ ИСЕСКО БАС ДИРЕКТОРЫН ҚАБЫЛДАДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Астанада Білім, ғылым және мәдениет істері жөніндегі Ислам ұйымының (ИСЕСКО) Бас директоры Әбдел Әзиз Ат-Туэйджри бастаған делегацияны қабылдады.

СУРРОГАТ АНАҒА ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАЙТЫН ЗАҢ БЕКІТІЛДІ

Жақын арада Түркия мемлекетінде суррогат ана қызметіне заңмен тыйым салынып, қылмыстық жаза тағайындалатын болмақ. Бұл жайында елдің Денсаулық сақтау министрлігі бастама көтеріп, «Ағза мүшелерін сақтау, өсіру және трансплантациялау» заңына өзгерістер енгізуді сұрап отыр.

Return to Top ▲Return to Top ▲