ЖЕТІМ БАЛАЛАР

Айт мейрамы мүбәрак болсын!

Ассаламу алайкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ!

 

Ардақты ағайын! Асыл дініміздің ең үлкен екі айт мерекесінің бірі Құрбан айт мүбәрак болсын. Аллаһ тағала шалған құрбандықтарыңызды қабыл қылсын. Құрбандық шалалмай қалған ағайындардың ниеттеріне құрбандықтың сауабын нәсіп етсін. Ертеңгі оқылатын Құрбан айт намаздарымызды Аллаһ қабыл қылсын! Қажылыққа аттанған бауырларымыз еліміздің тыныштығы мен баршамызға имандылық, инсаф-тауфиқ тілеп, ниеттері мен қажылықтары қабыл болған түрде елімізге аман оралсын!

Аллаһ дастархандарымызды бол, имандылыққа жол, мешіттерімізге тақуалы жамағатты етсін! Құрбан айт құтты болсын!

«Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы:

Қасымхан Абдуллаұлы

 

Н.Назарбаев халықты Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды ертең басталатын Құрбан айт мерекесімен құттықтады. «Баршаңызды ұлық мереке – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Биыл ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен орайлас келген мүбәрак мерекенің орны бөлек. Бұл – елдің береке-бірлігін бекемдейтін, қанағат пен қайырымдылықты арттыратын мейрам.

Құрбан шалу кісіні шүкіршілік пен тәубаға, аманатқа, адалдық пен сертке, беріктікке шақырады. Ислам діні барлық істе салиқалылық пен сабырлылыққа үндейді. Адамзаттың ізгі құндылықтарын уағыздайтын ата дініміз шектен шығуға, өзгеге қиянат жасауға жол бермейді. Ұлысты ұйыстыратын осы ұлағатты дінді халқымыз өз Ұлттық дәстүрімен үйлестіріп, ғасырлар бойы бекем ұстанып келеді. Дәстүрлі дініміз Тәуелсіздікпен бірге түлеп, халқымызға қайтып оралды.

Бүгінде бейбітшілік белдеуіне айналған Қазақстанда ислам діні кеңінен қанат жайып келеді. Биыл еліміздің күллі мұсылман әлемінде беделі зор Ислам ынтымақтастық ұйымына басшылық жасап отыруы – соның айқын айғағы. Ендеше, Алла тағала баршамыздың айттан айтқа аман жетуімізді жазсын, ағайын! Келешегімізді кемел, жүзімізді жарқын етсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз бекем, бауырымыз бүтін болсын! Құрбан айт мүбәрак болсын!», — делінген Елбасының құттықтауында.

Айбек Қобдабай,

kaztrk.kz

Жарнамадағы қымбат коньяк техникалық спирт болып шықты

Семей базарларында қымбат коньяк ретінде жарнамаланып сатылған ішімдік техникалық спирт болып шықты. Ірі көлемдегі зиянды қоспа дайындалған орын қаладағы коттедждердің бірінен табылды.

Үй иесі жертөлесін арақ-шарап шығаратын жасырын цехқа айналдырыпты. Қол астында 6 қызметкері болған. Бірігіп бөтелкелер, қымбат ішімдіктердің сыртқы орамаларын ұрлап пайдаланыпты. Дайындау тәсілі де қарапайым. Техникалық спиртті сумен араластырып, қызғылт түсті бояушы заттар қосқан. Алты мың бөтелке шарапты базарға апармақ болған сәтте қолға түскен арам пиғылдылардың бұған дейін де осынша ішімдік сатқаны белгілі болды. Қолда бар мәліметке қарағанда, жертөледегі цех бір жылдан бері жұмыс істеп келген.

 

Нартай Аралбайұлы,

ktk.kz

ИРАНДА ҒАРЫШТА БОЛҒАН ҚҰРАНДЫ ТҰҢҒЫШ РЕТ КӨРСЕТТІ

Ғарышкерлермен бірге ғарышта болып қайтқан Құран осы қалада өткізілген баспасөз және ақпарат агенттіктері Халықаралық көрмесінде тұңғыш рет Иран жұртшылығына таныстырылды, деп жазды BNews.kz порталы.

Мұсылмандар үшін қасиетті кітап болып табылатын Құранның осы данасын Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) Ресей ғарышкерлері, атап айтсақ, «Союз ТМА-01М» ғарыш кемесінің командирі Александр Калери 2010 жылдың 8 қазаны күні алып ұшқан болатын. Ол орбитада 159 күн болып, Жерге биылғы жылдың 16 наурызы күні қайта оралды, деп жазады Newsru.com. агенттігі.

АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат

Return to Top ▲Return to Top ▲