Түрік диаспорасы дастарқан жайды

Сан жағынан аз емес, ең бастысы – дінге берік түрік диаспорасы бұрын бір оразада да екі рет ауызашар беретін. Биыл олар оразаның ауызашар дастарқанын жайды.

Жамағат «Қызылжар» орталық мешітінің үлкен асханасын лық толтыра жиналды.

«Дуслык» дастарқанға шақырды

«Қызылжар» орталық мешітінде ауызашар берушілердің қатарын көбейте түскен «Дуслык» татар-башқұрт қоғамдық бірлестігінің өкілдері биыл да оразада дастарқан жайды. Жиналған жамағат мешіттің үлкен асханасын толтырды. Олардың арасында өңір орталығында тұратын мұсылман диаспораларының өкілдері де болды.

Ауызашар барысында шешен-ингуш, тәжік, ауған және курд диаспораларының жетекшілері татар-башқұрт бауырларға ақ тілектерін арнады. ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы Рамазан айының қадір-қасиеті туралы уағыз айтты.

Ұлттық банктің филиалы ауызашар берді

Ораза ұстағандарға ауызашар берудің сауабы орасан зор екендігі ақиқат. Хадисте айтылғандай, ауыз аштырғанға ораза ұстаған кісінің сауабындай сауап жазылады. Осындай игілікті істен қалыс қалып көрмеген ұлттық банктің облыстық филиалының ұжымы биыл да оразаның бас кезінде ауызашар берді. «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен осы ғибадат орнының үлкен асханасында өткізілген ауызашарға жамағат көп жиналды.

Қырғыз ағайындардың ауызашары

Айыр қалпақты ағайындар – қырғыз диаспорасы сан жағынан көп болғанымен, белсенділігімен көзге түсіп жүр. Небір шараларда қолөнер бұйымдарымен жарқырап көрініп жүрген олар «Қызылжар» орталық мешіті ұйымдастырған шараларға да белсене қатысады.

Өткен жылдағыдай болса да олар мешітте ауызашар берді. Оған жиналған жамағат көп болады: мешіттің үлкен асханасы мен киіз үйге сыймағандар тағы бір бөлмеге жайғасты.

«Вайнах» шешен-ингуш қоғамдық бірлестігінің өкілдері ауызашар берді

«Вайнахтың» бүкіл мүшелерінің атынан өткен бейсенбіде берілген ауызашарға көп жамағат жиналды. Өңір орталығындағы бүкіл диаспоралардың өкілдерін ауызашарға шақырған шешен-ингуштар қонақжай екендіктерін көрсете білді.

Ауызашарда бірнеше диаспораның жетекшілері ақ тілектерін білдірді. Жиналған жамағат  «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Файзиев Мухаммед Қутбтың Рамазан айының қадір-қасиеті туралы айтқан уағызын ден қойып тыңдады.

Return to Top ▲Return to Top ▲