Қарағанды облысы бойынша жасөспірімдер арасындағы Құран жарысы өтеді

Ұлыбританияда шариғат шәлісі мектеп формасына енгізілмек

Тұңғыш рет Ұлыбританияда мұсылманның шариғат шәлісі ресми түрде мектеп формасының бір бөлігіне айналады.  Англияның солтүстік-батысында орналасқан Ланкаширдегі Сэр Джон Серсби мектебінің әкімшілігі сабаққа ыңғайсыз орамалмен қатысуға мәжбүр болып жүрген мұсылман қыздарға қамқорлық жасады.

Катрин Верже: Францияда да «Нұр-Мүбарактай» университет болса!

Бүгін «Нұр-Мүбарак» университетіне Францияның танымал журналисті Катрин Верже ханым арнайы зиярат жасады. Отыз жылдық тәжірибесі бар француз телерепортері өзінің Қазақстан жайлы репортажында Ислам діні туралы да қосу үшін „Нұр-Мүбарак„ университетімен толығырақ танысуды көздеген.

ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ (С.Ғ.С.) САҚАЛЫН САҚТАҒАН ФАТИМА ӘБДІБЕКҚЫЗЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ (ФОТО)

Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде жөні бөлек жүздесу өтті. Қасиетті Ораза айт мерекесінің соңғы күнінде «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел жамағатына ұзақ жылдар бойы ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мүбәрак сақалын сақтап келген Фатима Әбдібекқызымен жүздесіп, сұхбаттасудың сәті түсті.

Парламент террористік актіге қатысушыларды азаматтығынан айыру туралы заң қабылдады

ҚР Парламенті мәжілісінің пленарлық отырысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне олардың Конституция нормаларына сәйкес келуін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына жасалған Сенат түзетулеріне келісетіндіктерін мәлімдеді.

Return to Top ▲Return to Top ▲