Департамент басшылары дастарқан жайды

«Қызылжар» орталық мешітінде берілген бұрынғы ауызашарларға облыстық әділет департаментінің басшылары байқаушылар ретінде қатысқандай үнсіз отыратын. Биыл бәрі де басқаша болды: департамент басшыларының өздері осы мешітте ауызашар берді.

Жомарт жандар жәннатқа жақын

Тумысынан жаны жайсаң, жомарт адамды халық та, Хақ та жақсы көреді. Ардақты пайғамбарымыз(с.ғ.с) бір хадисінде: «Қолы ашық жомарт адам – Алла мен адамдарға және жәннатқа жақын әрі тозақ отынан алыс», — деген (Тирмизи риуаят еткен).

Шәкірттер шықты сайысқа

«Қызылжар» орталық мешітінде «Рамазан – Құран айы» деген тақырыпта білім сайысы өткізілді. Рамазан айының құрметіне арналған бұл сайысқа орталық мешітте дәріс алып жүрген сегіз шәкірт қатысты.

Облыстық прокуратура ауызашар берді

«Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен ораза бойы ауызашар беріп жатқандардың қатарына жаңадан қосылғандар да бар. Облыстық прокуратура – солардың бірі. Сенбі күні орталық мешітте ауызашар беру осы органның үлесіне тиді.

Жарайсыңдар, Қызылжар қажылары!(ФОТО)

Қызылжар қажыларының бесінші парызын орындағандар арасында Қазақстанда бірінші болып ауызашар беруі қасиетті жұма күніне тұспа-тұс келді. «Қызылжар» орталық мешітінің ішіне де (асханасы), сыртына да (ауладағы киіз үйлерге) жайылған көп дастарқан 400-ден артық жамағатты тоғыстырды.

Return to Top ▲Return to Top ▲