ӘЛЕМ ХАЛҚЫ ОРАЗА АЙТ МЕЙРАМЫН ҚАЛАЙ ТОЙЛАДЫ (ФОТО

Қасиетті Ораза айт мерекесін күллі мұсылман қауымы асыға күтіп, ерекше көңіл күймен өткізетіні белгілі.  «Әр елдің салты басқа» демекші, әлем мұсылмандарының ұлық мерекені атап өтуі де өзгеше болып келеді. Назарларыңызға әлемнің әр еліндегі Ораза айт мейрамын ұсынамыз!

Басқа діндердің басшылары құттықтады

Петропавл және Булаев епархиясының епископы Владимир мен осы епархияның хатшысы отец Сергий «Қызылжар» орталық мешітіне келіп, ораза айтпен құттықтады. Оларды қарсы алған «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Қасымхан Абдуллаұлы алғысын білдірді.

«Асыл анаға» «Қызылжардың» қамқорлығы

Асырауында баласы бар мүгедек аналардың «Асыл ана» қоғамдық бірлестігіне қамқорлық жасау «Қызылжар» орталық мешітінде жолға қойылған. Осы бірлестіктің мүшелері Ораза айттың бірінші күні «Қызылжар» орталық мешіті жайған дастарқаннан дәм татты.

Бас мүфти: АЙТ МҮБӘРАК БОЛСЫН, АҒАЙЫН!

2017 жылдың 25 маусымы – Ораза айттың бірінші күні!

Құрметті отандастар, бауырлар!

Ораза айт мерекесіне аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мадақтар болсын. Сіздерді мұсылман қауымының ұлық, қастерлі мерекесі – Ораза айт мейрамының басталуымен құттықтаймын. Айт мүбәрак болсын, ағайын!

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы

Құрметті отандастар!

Баршаңызды қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын!

Бұл мейрам күллі мұсылман үмбеті үшін маңызды Рамазан айының аяқталғанын білдіреді. Ежелден исламға тән құндылықтар – бейбітсүйгіштік, жанашырлық пен бауырмалдықтың терең мән-мағынасы осы шуақты күндерде айқын сезіледі.

Return to Top ▲Return to Top ▲