Балуанға құрмет көрсетілді

Қазақстан мұсалмандары діни басқармасының төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесі үшін қазақ күресінен Республикалық турнирде біздің жерлесіміз Дәурен Нұрғожин  ІІІ орын алып, кіші қажылыққа тегін жолдамаға ие болған еді.

Қыз келіншектер қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді

Рамазан айының қарсаңында  «Қызылжар» орталық мешітінде қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды.  Солардың бірі ретінде мешіттің «Әйелдер-қыздар» секторы мен «Әжелер мектебі» бірлесе отырып, осымен екінші рет қайырымдылық жәрмеңкесін өткізіп отыр.

Ораза қарсаңындағы ойлар

«Қызылжар» орталық мешітінде Рамазан айына арналған баспасөз маслихаты өткізілді. Онда ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы қасиетті айға дайындық және ораза туралы баяндап берді. Рамазан айының тағылымын түсіну, нәтижесінде тақуалыққа көбірек ден қою қажеттігі айтылды.

ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІ ДАЙЫНДАҒАН «ЖАНАЗА ЖӘНЕ ЖЕРЛЕУ РӘСІМДЕРІ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ (ФОТО)

Алматыдағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Ғұламалар кеңесінің бекітуімен жарық көрген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысқан дөңгелек үстелде ас беруде ысырапқа жол бермеу, жерлеу рәсімдеріне қатысты дәстүрлерді бір ізділендіру мәселелері талқыланды. Дөңгелек үстелді модератор – ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің хатшысы, исламтанушы, теолог Ершат Оңғаров жүргізді.

Ислам ЖЕМЕНЕЙ: МҮФТИЯТ РУХАНИЯТТЫҢ ЯДРОСЫНА АЙНАЛЫП КЕЛЕ ЖАТЫР

«Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабының тұсау кесер рәсімінде сөз алған филология ғылымдарының докторы, исламтанушы ғалым Ислам Жеменей осылай деп мәлімдеді. «Шариғатқа қайшы келмеген ғұрып әрқашан, әр дәуірде құпталып отырған.

Return to Top ▲Return to Top ▲