«Мектепке жол» акциясы жалғасын табуда

dsc08070

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жыл сайынғы тапсырмасы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының мешіттері «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысты іс-шаралар өткізіп келеді.  Бұл акция тамыз айының 1-інен басталған болатын.

ҚАСАПШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

news_image_11537

Құрбан айт мерекесі қарсаңында «Орал  облыстық орталық мешітінде» қасапшыларға арналған «Қасапшылық – сауапты һәм жауапты іс» атты семинар жүргізілді.

Шараға ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілі имамы, Орал облыстық орталық мешітінің бас имамы Руслан қажы Сұлтанов, аталмыш мешітінің наиб имамы әрі ҚМДБ «Халал даму» ЖШС-ның БҚО бойынша өкілі Абдурашит Қарабаев, ұстаз Ринад Акимов, «Тәжиден Батырұлы» мешітінің наиб имамы Әсет Романқұлов қатысты.

ҚАЗАҚСТАН ҚАЖЫЛАРЫ — МЕККЕДЕ

news_image_11553

Қазақстандық 2500 қажы Мекке қаласына жетті. Отандастарымыз қонақүйге орналасып алысымен әл-Харам мешітіне бет алып, кіші қажылығын өтеді. Жерлестеріміздің қажылық рәсімдерін дұрыс атқару үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан бөлінген діни мамандар жол көрсетіп, тиісті мағұлматтар беруде. 

«Астана медресе-колледжі» талапкерлерді қабылдау емтиханын өткізді

news_image_11513

«Астана медресе колледжінде» оқуға биыл 95 талапкер үміт білдірді. Бүгін олар кезекті емтиханды тапсырып, Ислам негіздері төңірегінде әңгімелесу кезеңінен өтті.

Талапкерлер Астана қаласынан, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, тағы басқа облыстардан келіп отыр. Қабылдау комиссиясының айтуынша, оқуға құжат тапсырушылардың көбі мектепті үздік, колледжді қызыл дипломмен бітіргендер.

«Һибатулла Тарази» медресесі талапкерлерді оқуға қабылдайды

news_image_11511

    Бүгін «Һибатулла Тарази» медресесінде талапкерлерді оқуға қабылдау  емтиханы жүргізілуде. Сынақтың комиссия құрамында ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуә бөлімінің маманы Медет Курсаков, «Һибатулла Тарази» медресесінің директоры Данияр Жұмабаев пен «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ғалымбек Жапек мүшелік етуде.

Return to Top ▲Return to Top ▲