Жаңа мешіттегі Мәуліт

Есіл ауданындағы Петровка ауылының бір шетінде өткен жылдың қарашасында пайдалануға берілген мешіт – тас жолдың қарсы бетіндегі Мәдениет ауылында өмірден өткен адамдардың рухын тірілткендейболған ғибадат ордасы. Үш ай бойы үнсіз жатпаған жаңа мешіт енді, міне, үлкен шараны да ұйымдастыра білді. Онда сауапты да салауатты іс — Мәуліт мерекесі өткізілді.

Әйел – Алланың аманаты

Қоғамның даму барысын әйелдер қауымынсыз елестету мүмкін емес қой. Ұмай ана, Айша бибі, Домалақ ана, Бопай ханым, Айғаным мен Ұлпан секілді аналарымыз ұлт болып ұйысуымызға, мемлекетімізді баянды етуге зор үлес қосқаны тарихтан аян. «2006-2016 жылдарға арналған Тендерлік теңдік стратегиясын» қабылдаған елімізде әйелдер ардақты тұлғаларға айналды.

АСТАНАДА БАС МҮФТИ ДІНИ АТТАШЕНІ ҚАБЫЛДАДЫ (ФОТО)

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Түркияның Қазақстандағы елшілігінің діни атташесі міндетін атқарушы Сертач Гүнер мырзаны қабылдады. Кездесуде бауырлас елдердің діни саладағы әріптестік байланысы жан-жақты сөз болды. Бас мүфти қазақстандық 24 дін қызметкері Түркиядағы «Хасеки» академиясын бітіріп, бүгінде осы саладағы жұмысын жалғастырып жатқанын мәлімдеп, Түркия Дін істері басқармасының басшылығына алғысын жеткізді.

Тайынша ауданына жаңа имам тағайындалды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бұйрығымен Кеңес Қарамысов  «Қызылжар» орталық мешітінің азаншысы қызметінен босатылып, Тайынша аудандық мешітіне бас имам болып тағайындалды.

ҚМДБ: ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМДІ НАСИХАТТАЙТЫН САЙТТАР МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ (ФОТО)

Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен арнайы мәжіліс өтті. Кездесуге Дін істері комитеті Исламдық діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі басқарма басшысы Бауыржан Есмахан, ҚМДБ-ның наиб мүфтилері, бөлім меңгерушілері қатысты.

Return to Top ▲Return to Top ▲